Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжатын рәсімдеу процесі жеңілдетілді

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және тағы басқа жағдайда алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық төлқұжатты және құқық белгілейтін құжатты (сату-сатып алу шарты, жекешелендіру, сыйға беру және т.б.) алады.

Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну керек, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады.

Бірақ, Медет Құмарғалиевтің айтуынша, енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де рәсімдейді. Ал қызметке жүгінуші Халыққа қызмет көрсету орталығынан тек дайын құжатты алады.

Айта кету керек, құжаттар топтамасын жинақтау қызметін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ақылы негізде жүзеге асырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз