Қытайда жолға шығып кеткен жылқының кесірінен жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.
Апат Якеши қаласында болған. Жолда келе жатқан жүк көлігінің алдынан жылқы шыға келіпті. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі малдан қашпақ болып қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Осы арада ол автобуспен соқтығысады,
Салдарынан 12 адам оқиға орнында көз жұмды. 28 адам жарақат алған. Қайтыс болғандардың барлығы автобустың жолаушылары екен.