Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 140 келі есірткі тәркіленді

13 просмотров

Алматыда биылғы жылдың басынан бері заңсыз айналымнан 140 келідей есірткі тәркіленді. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Барлығы заңсыз есірткі айналымы бойынша 326 құқық бұзушылық әрекет анықталды. Олардың ішінде 99 құқық бұзушылық әрекет есірткі саудасына байланысты. Заңсыз айналымнан барлығы 139 келі 288 грамм есірткі заттары алынды. Олардың ішінде героин — 12 келі 445 грамм, гашиш — 4 келі 639 грамм және басқа да есірткі заттары — 122 келі 201 грамм.

«Алматыда ойын-сауық мекемелері мен түнгі клубтарда есірткі және психотроптық заттарды тарату және қолдану деректерін анықтау мақсатында 26 рейд өткізілді. 67 компьютер клубында алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары оқу орындарында және колледжер мен мектептерде есірткіге қарсы 333 алдын алу шаралары, дәрістер, әңгімелер, семинарлар, тренингтер, кездесулер, байқаулар өткізілді. Барлығы 249 оқу орындары қамтылды», — деді Алматы қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Дәулет Қазкеев.

Загрузка...