Жыл басынан бері еліміздің жолдарында 731 адам қаза болған — Бас прокуратура

34 просмотров

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың 5 айында республика бойынша жол-көлік оқиғаларының орын алуы (ЖКО) 3,3 пайызға төмендеген, — деп хабарлайды аталмыш комитеттің баспасөз қызметі.

Аталмыш комитеттің хабарлауынша, еліміздің жолдарында 6038 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 9045 адам зардап шеккен, оның ішінде, 731 адам қайтыс болды, өткен жылдың тиісті кезеңінде 6758 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9384 адамның денсаулығына зақым келтірілген, оның ішінде, 785 адам қайтыс болған еді.

ЖКО салдарынан 1514 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 53-і қаза тапқан.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, жол апаттарының себептері өзгермеген.

— Жалпы, ЖКОның 90 пайыздан астамы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы салдарынан орын алады. Сонымен, олардың кінәсінен 6219 ЖКО жасалса, оның ішінде, 200 апат алкогольдік және есірткілік масаң күйде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған, — делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.

Апаттардың басым бөлігі жылдамдықты асырудың кесірінен мүмкін болып, соның салдарынан 1895 ЖКО орын алған, нәтижесінде, 309 адам қаза болып, 2285-і жарақаттанды.

Маневр жасау ережелерін бұзудың салдарынан 1057 ЖКО-да 48 адам қаза тауып, 1330-ы жарақаттанды, қарсы қозғалыс жолына шығу нәтижесінде 339 ЖКО мүмкін болып, 72 адам қаза тапса, тағы 619 адам жарақаттанған.

Апаттардың елеулі бөлігі немесе 2936 ЖКО жүргізушінің жүргіншілерді қағып кетуі салдарынан орын алса, 2329-ы көлік құралдарының соқтығысуы және 428-і аударылуы салдарынан мүмкін болған.

Жол апаттарында ең аз зардап шегетін жүргізушілердің өздері болып шықты, барлық ауыртпалықтар жолаушылар мен жаяу жүргіншілерге түседі екен.
Биылғы жылы қоғамдық көліктің қатысуымен 431 ЖКО орын алып, олардың кесірінен 27 адам қаза болса, 572 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттар алған.

Үш немесе одан да көп адам қаза болған 18 ЖКО орын алып, натижесінде, барлығы, 71 адам қайтыс болған.

Жол-көлік оқиғаларының 32 пайызы Алматы қаласында орын алыпты.

2016 жылы оңтүстік астанада адамдардың дене жарақатына және кісі өліміне алып келген 2127 ЖКО тіркелген. Апаттылығы аз аймақ ретінде Солтүстік Қазақстан облысын атауға болады — онда 61 ЖКО орын алыпты.

Адамдардың өміріне және денсаулығына қайғылы салдарын тигізген ЖКО фактілерінің азаюы Атырау (былтырғы 173-тен 101-ге дейін), Қостанай (былтырғы 192-ден 153-ке дейін) және Павлодар (былтырғы 315-тен 284-ке дейін) облыстарында байқалады.

Апаттылық салдарынан жарақаттанудың өсуі осы жылы Жамбыл (450-ден 488-ге дейін) және Алматы (634-тен 687-ге дейін) облыстарында байқалады.
Жамбыл (808-ден 831-ге дейін) және Алматы (979-дан 1015-ке дейін) облыстарында жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты, жарақат алғандардың да саны өскен.

Загрузка...