Жыл басынан бері Қазақстанда жиырмадан астам бала суға кеткен

21 просмотров

ҚР ІшкіІсМинінің Төтенше жағдайлар комитеті қазақстандықтарды су қоймалары маңында демалыс барысында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырды.

v-saratovskoy-oblasti-na-plyazhe-utonul-rebenok_181

«Бізде өткен аптада Алматы облысында екі қайғылы оқиға орын алды. Екі бала өздерінің үйінің ауласындағы су құйылған ыдыстарда суға батты. Бұл нені білдіреді? Менің ойымша, бұл ретте ата-аналардың немқұрайлылығын байқауға болады. Жалпы, жыл сайын еліміз бойынша су қоймаларында 100-ге жуық бала қайғылы оқиғаға тап болады. Биылғы жылдың басынан бері республика бойынша 20-дан астам бала суға батты», — деді аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ТЖК бөлімшелері, жедел-құтқару отрядтары білім беру басқармаларымен бірлесіп, жыл басынан бері мыңнан астам баланы суда жүзуге үйретті.

 

Загрузка...