Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Журналист: Әнші мырзалар, құмартқан қыздарыңа «қарындас» деп ән арнауды қойыңыздар

Ақын «қарындас» сөзінің түпкі мағынасын ажырап қалуы – «бүгінгі ұлттық болмыстың ауыр халі» екенін ашына жеткізді. Сондықтан «әуелде өзімен бірге тумаса да жасы кіші қыздарды өзінің туған қарындасына балап ағалық сипатта “қарындас” деп айтудан басталған» үрдіс бойынша қазіргі жігіттер де “оу, қарындас” деп қылжақтайды деді ол.

Қайрат Нұртас орындайтын “Әдемісің, қарындас”, “Ех, қарындас” әндері, Жанболат Бектұрғанов. “Тоқта, қарындас” әні, Балғын Қайырбекұлы “Сұлу қарындас” әндерін, сонымен бірге әзілкеш Нұржан Төлендиевтің “қарындасты” сахнаға шақырғанын да мысалған келтіре кеткен.

Сондықтан, бұл сорақылықты тоқтату үшін Ұларбек Нұрғалымұлы «қарындас» сөзін «құдаша» сөзімен алмастыруды сұрап отыр. Себебі, «ғашық болған, құмартқан қызға (қалқатайға, құдашаға) айтар сөз бөлек те, қарындасқа айтар сөз бөлек» дейді ақын.

«Ғашық болғанда айтылатын сөзді “қарындасқа” деп айтып шатасқан әншілер ол әндерді бұдан былай айтар, иә айтпас. Оны өздерінің ақылына, арына салдық. Бұл әншілерге ғана емес, қыздарға “қарындас” деп қалжыңдауға ғадеттеніп кеткен барлық азаматтарға арналады. Ағалық көзбен аялап айтылған болса, оған сөз жоқ!», – деп сөзін қорытындылады журналист.Безымянный

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз