«Екатерина Великая» сериалы қазаққа не үшін қажет?

2 092 просмотров

Журналист Ноябрь Кенжеғараев «Астана» арнасынан көрсетіле бастаған «Екатерина великая» сериалы қазаққа не үшін қажет деп пікір білдіріпті.

Ноябрь Кенжеғараев
Ноябрь Кенжеғараев

«Естуімше «Астана» телеарнасы «Нұр Отан» партиясына қарасты құрылым екен. Еліміздегі билік партиясы саналатын және Парламенттегі басым көпшілікті құрайтын, елдің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыратын партия өз телеарнасының қандай идеология жүргізіп отырғанын неге қадағаламайды? Әрбірден соң Қазақстан қоғамына «Екатерина Великая» телесериалы не үшін қажет?» – деген орынды сауал қояды журналист.

Оның пікірінше бұл арадағы «Астана» телеарнасының көздеген мақсатының өзі қазіргі қазақ қоғамына қауіпті.

Өз тарихымызды түгендеп, тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, отарсыздандыруды жүзеге асырудың, Кеңес өкіметі кезінде әділетсіз айыпталған хандық билік жүйесі мен ұлт азаттығы үшін күрескен азаматтарымызды айыптауға негізделген идеологияны жоққа шығарудың орнына Қазақ жерін саяси айлалармен уысына түсірген, қазақ жерін отарлаудың негізін қалаған Екатерина патшайымды «Ұлы» деп неге біз әспеттеп, дәріптеп, насихаттауымыз керек?

дейді журналист.

Оның айтуынша, бұның артында ресейлік насихат пен идеология жатыр. Осы ретте журналист аталған сериалдың Қазақстанда көрсетілуіне қарсы екенін мәлімдеді.

Мен Қазақстан арналарынан, әсіресе «Нұр Отан» партиясының «Астана» арнасынан бірде қазақты қан қақсатқан Сталин, бірде Екатерина туралы фильмдердің көрсетілуіне қарсымын.

Бұл арна келешекте Голощекинді де дәріптеп сериал көрсетуі ғажап емес. «Астана» арнасының орыстілді жаңалықтарының тым ресейшіл, Путиншіл, КСРО-шыл екенін айтпай-ақ қояйын, – дейді Кенжеғараев.

Загрузка...