Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Журналист Дін істері комитетіне шүйлікті

147

046C3FA1-C0C4-4AE5-8D41-859DB494CEF8_cx0_cy19_cw0_mw1024_mh1024_s

Ардабек Солдатбай

«Ақша жеудің амалын ғана ойлайтын Дін істері жөніндегі комитет таратылсын. Ақтөбеде мұсылмандарды біріктірумен емес, бөлумен айналысып, жастарды жамағаттан шеттетіп, ақырында қоғамды қанды қырғынға жеткізген ҚМДБ қоғамдық бірлестігінің имамдары жауапқа тартылсын. ҚМДБ-ның аппаратына ешбір діни сауаты жоқ, тіпті құдайдан қорықпайтын ҰҚК қызметкері емес, діни сауатты азамат басшылық жасасын. Мешіттердегі әулиеге қол беріп христиандар секілді күнәсінен арылып жүрген нұршы, сүлейменші, гуленші (мысалы, ШҚО бас имамы) имамдар орындарын босатсын. Дін түзелсе – ел түзеледі» деп жазады А. Солдатбай.

Бұған дейін Дін істері жөніндегі комитет басшысы Ғалым Шойкин Ақтөбеде орын алған қанды оқиғаға орай комитет діни қатынастарды реттейтін бірқатар заңнамаларға жаңа өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарай бастағанын айтқан ол қанды қырғынға елімізде кеңінен тараған салафизм ағымын ұстанушылардың қатысы болуы мүмкін екенін жеткізген.

«Салафизм бағытына кеткен адамдардың нақты санын шығару мүмкін емес. Бірақ, шамамен олардың саны 15 мыңға жетеді. Қазақстанда қанша адам осы салафизм бағытына кеткенін ешкім де дөп басып айта алмайды. Қазір қоғамда сарапшылар осы ағымға тыйым салу туралы пікір айтып жатыр. Құзырлы органдар бұл мәселені жан жақты зерттеуде. Бірақ, осы бағытқа кәдімгідей тыйым салсақ, оның салдары қандай болады деген мәселені қарау керек. Қазір бұл мәселені жан-жақты қарау керек екенін, себебі, егер біз радикалды шаралар қабылдасақ, онда әдебиетті, аудио-бейнежазбаларға қатысты шешім қабылдауымыз керек. Яғни, бұл тыйым салумен шешілетін мәселе емес. 2014 жылдан бері «Ақниет» оңтайландыру орталығы дәстүрлі емес діни ағымға кеткен 300 адамды дұрыс жолға салған. Бірақ, олардың қайтып сол ағымға бармайтынына ешкім кепіл бере алмайды. Қазір теріс ағымға кеткен 500-ден астам адам жазасын өтеп жатыр»,-деген еді Ғалым Шойкин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз