Көлігінен түспей-ақ көшеге шаптырып отырған полицейдің суреті елге тарап кетті

1 456 просмотров

Көлігінен түспей, ышқырын түсіріп, жас балаша жол бойына „шаптырған„ полиция қызметкерінің суреті әлеуметтік желіге тарап кетті.

Тәртіп сақшысының бұл масқара тәртіпсіздігін „тіркеген„ суретті Әрсен Шуақов Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады. Онда орта жастағы полиция қызметкерінің көлігінің есігін ашып қойып, отырған күйінде жол бойына „шаптырғаны„ анық көрінеді. Соған қарағанда ол аяғына тік тұра алмайтындай удай мас секілді.

Тіпті, суретте көліктің нөмірі де ап-анық түсіп қалыпты. Оған қарап, полиция қызметкерінің Алматыда немесе Алматы облысының ішкі істер департаментінде жұмыс істейтінін аңғаруға болады.

„Осы бір сурет арқылы Қазақстанның ішкі істер министрлігі құрамындағы барлық полиция қызметкерлерін айыптап, олардың өз жұмысына деген құрметіне күмәнмен қарауға болмас. Бірақ іздеу сайтынан «мас полиция» дегенді теріп, іздесең олар туралы деректер қырғын өріп жүр.

Ішімдікке тойып алған полициядан жаман не бар?», — деп жазды ол.

Сонымен бірге, ол халық алдында ант берген офицерге мұндай қылық мүлдем жараспайтынын айтады.

Загрузка...