Жоғары білім беру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілгелі жатыр

32 просмотров

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Жұмыс екі бағытта жүргізіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде трансформациялау жағдайында жоғары оқу орындарының білім беру қызметі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Біріншіден, жоғарғы оқу орындарына қойылатын талаптарды күшейту. Яғни, бәсекелестікке мән беріледі. Сондай-ақ, оқу бағдарламарының ішкі сапасына назар аударуымыз керек. Содан кейін жоғарғы оқу орнынан кейінгі магистратура және PHD-доктарантураға дайындалатын мамандықтардың саны мен сапасын арттыруды қарастырамыз», — дейді департамент директоры.

Сонымен қатар, Дархан Ахмед-Заки отандық университтерге өндірісте жұмыс істейтін мамандарды тарту бастамасын көтерді.

«Екіншіден, университтердегі оқытушылардың құрамында профессорлар мен доценттер ғана емес, өндірістен тартылған мамандар болуы керек. Олар толыққанды оқу үрдісіне қатысуы қажет. Мамандар студенттердің диплом және курс жұмыстарына басшылық етіп, оқу бағдарламасының сапасын арттыруға өз үлестерін қосады. Менің пікірімше, бұл шаралардың барлығы алдағы уақытта тиісті деңгейде атқарылады», — дейді ол.

Загрузка...