Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жоғалған павлодарлық төрт тәуліктен соң табылды

Бұл туралы аудандық мәслихат депутаты Дмитрий Корепанов өзінің Фейсбуктағы жеке парақшасында хабарлады.

Асанов 27-мамыр күні сағат түнгі 11 шамасында отбасылық шаруа қожалығы орналасқан Новочерноярка ауылындағы үйінен шығып кетеді. Содан соң ол ауылға қайтып келмеген. Павлодардағы пәтеріне де бармаған.

Оның жоғалғаны туралы туған-туыстары тек дүйсенбі күні полицияға хабар береді. Сол күні Павлодардың солтүстік аймағынан Асановтың автокөлігі табылады. Мамандар оның көлігінен қандай да бір төбелес пен қанның ізін таба алмады.

– Максим Асановты еріктілер тірідей тапты. Туыстарының, достарының, жеке өзімнің атымнан Максимді іздеуге атсалысқан баршаңызға алғыс білдіремін. Іздеу жұмыстарына күні бойы 500-ге жуық адам мен 100 көлік жұмылдырылды. Максимнің тез арада сауығып кетуін тілейміз, – деп жазды депутат.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, есінен танған Асанов жартылай бұзылған жатақхана ғимаратынан табылған. Ол тірі, бірақ қазір ауруханада жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз