Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Жоғалып кеткен 3-сынып оқушысын педофил ұрлап әкетіп зорлаған, кейін буындырып өлтірген

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті алдымен баланы зорлап, кейін буындырып өлтірген.

Еске салайық, ағымдағы жылдың сәуірінде Қарағанды облысының Шахан кентінде 9 жасар бала жоғалды. Оның мәйіті әлеуметке жат өмір салтын ұстанған ер адамның пәтерінен табылды. Ол билік өкілдеріне бағынбағаны үшін бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Полицейлер пәтер иесін адам өлтірді деген күдікпен ұстады.

Қаза тапқан 3-сынып оқушысы көпбалалы жанұяда өскен. Мектептен кейін бала аулаға ойнауға кетіп, қайтып оралмаған. Ата-анасы баланың жоғалғаны туралы полицияға хабарлады.

Жуырда ҚР Бас прокуратурасы елімізде педофилдер көп тіркелген өңірлердің тізімін жариялағатын болатын. Оның ішінде Қарағанды облысы бірінші тұрғанын баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз