5 мамыр күні республиканың кей аймақтарында күн суытады

24 просмотров

5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, тек  республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

183903-zamorozki_zemlya_moroz_trava_listya_osen_634_1024x600

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел күшейеді 15-20 м/с.

Алматы, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік болады.

Ал Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы қаласында таңертең күн ала бұлтты болып, +15 градус жылы болса, күндіз +19 градусқа көтеріледі. Кешке аздаған жауын жауып, +16 градус жылы болады.

Загрузка...