Жоғалған студенттің мәйітін табуға көріпкел көмектесіпті

80 просмотров

ҚазҰМУ-нің жоғалған студенті Санжарбек Арзиевті табуға көріпкел Заман Сыпатаев көмектескен деп хабарлайды «КТК«. Соның кеңесі арқылы полицейлер өзенді құрғатуға бұйрық берген.

1Заман Сыпатаев, көріпкел:

— Есентайға кеше келіп, төрт сағаттай жүрдім де, ТЖМ қызметкерлерін шақырып, суды бөгеуді сұрадым. Себебі, су деңгейі төмен түссе, жоғалған адамды табуға айтарлықтай көмектесер еді. Содан кейін оның басынан соққы алғанын көрдім. Кейіннен достары оның өз басын қоршауға ұрып алғанын айтты. Содан басы айналып, құлап кетсе керек.

Оқиға орнына Санжарбектің достары келіп, қалалық ТЖ қызметкерлерін күтпестен, өзен арнасына түсіп іздеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Андрей Курбатов, Санжарбектің курстасы:

— Біздер ТЖ қызметкерлері келмей тұрған алғашқы күндері-ақ, ол кезде су кеудеден келетін, мына арнайы киімдерді сатып алып, осы жерде іздеу жұмыстарын бастап кеткен болатынбыз. Қазір де, мына балшықтың астынан тауып қаламыз ба деп қарап жатырмыз.

Түптеп келгенде, іздеу жұмыстары өз нәтижесін берді. Санжарбектің мәйіті су деңгейін төмен түсіргенде табылды. Су ағысы оны бірнеше шақырымға төмен ағызып кетсе керек. Мәйіт – мәйітханаға жеткізілді, жақындары таныды. Сол түні нақты не болғандығын анықтауға тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Загрузка...