Жоғалған студент Әйгерім Оспанбекованың мәйіті табылды

313 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысында студент Әйгерім Оспанбекованың мәйіті табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жоғалған қыздың денесін Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылы маңынан мал бағып жүрген адам аңдаусызда шұңқырда жатқан жерінен тауып алған.

Қыздың ұялы телефоны мен сегіз мың теңгесі қолды болған.

Бүгін мәйіт жер қойнына тапсырылады. Қазіргі таңда марқұмның өліміне қатысы бар деген күдікті қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізде болса, бұған дейін оңтүстікқазақстандық студент қыздың жоғалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

ajgerim3-e1463069769144

Загрузка...