1992 жылы 3-сәуір күні шыққан Караван газетінде мына бір жаңалық елең еткізерлік екен. Онда аты шулы Жириновский жайлы бір үзік сыр бар.
Жуырда Қазақстан астанасы Алматыға тегі орыс ақсүйектері тұқымына жататын княз Нарышкин келді. Бұған қоса ол біздің жерлесіміз. Қазіргі княз бұрын 20 жыл бойы қарапайым жұмысшы болған. Қазір Владимир Ильич Ресей монархиялық одағының штаб-ротмистрі болып қызмет етеді.
– Мен Казачьей көшесінде Жириновскимен көрші тұрдым. Есімде қалғаны, бала кезде оны өзге балалар үнемі тепкілейтін. Суайттығы үшін.
Дереккөз: kaz.caravan.kz