“Жігіттер” тобының әншісі Ердос Қанаев қызды болды

32 просмотров

Шілденің 19-ы күні “Жігіттер” тобының әншісі Ердос Қанаев қызды болды. Қуанышты хабарды бірінші болып әншінің жақын досы бөлісті. Артынша Ердостың өзі инстаграм желісіндегі парақшасында халықтан сүйінші сұрады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өткен күн “Жігіттер” тобы үшін бір емес, екі бірдей қуаныш алып келді. Себебі шілденің 19-ы күні аталған топ әншісі Айдар Тұрғанбеков пен Ердос Қанаевтың дүние есігін енді ашқан қызының туған күні.

“Бүгін Айдар досымның туған күнінде Ердос досым қызды болды. Туған күнің құтты болсын, досым! Бауы берік болсын, бауырым! Бүгінгі қуаныштарыңа ортақпын”, – дейді Асқар Жайлаубаев.

Қуанышы қойнына сыймаған әке де Instagram желісі арқылы халықтан сүйінші сұрауға асықты.

“Ассалаумағалейкум, қазақ елі. Сүйінші, сүйінші, сүйінші! Алла тағалам маған қыз сыйлады. Алла осындай үлкен нығмет сыйлап, қуантып жатыр. Жанұям ханшайыммен толықты. Қуанышымды өздеріңізбен бөліскім келген ниетім ғой. Алла разы болсын баршаңызға!” – дейді Ердос Қанаев. Бұл сүйінші хабарды естіген желі қолданушылары да қуанып қалды.

0-23

“Ердос, балаңның бауы берік болсын! Аман болыңдар”, “Иманды, ибалы қыз болып өсе берсін”, “Бауырым, шын жүректен құттықтаймын”, “Ағатайым, жеңгеміз екеуіңізге Ханшайым тілеп дұғада болған едім.

Ниетім қабыл болды. Бауы берік болсын! Алла ұзақ ғұмыр берсін сұлуыңызға. Ағаларына еркелеп, көз алдыларыңызда үлкен қыз болып өссін! Салихалы ұрпақтан болғай. Жаратушымыз жақсылығын жанұяңыздан аямасын! Ханшайымыңыз ауырмай, ақылына көркі сай, анасындай абзал жан болып өссін” дейді желі қолданушылары.

Ердос Қанаевтың Әбдірахим және Диасыл есімді екі ұлы бар. Әншінің отбасы көптен бері қыз баланы күтіп жүрген болатын. Әзірге қызының есімін кім қойғаны белгісіз.

Загрузка...