Жігіттер тобының ерте кездегі суреті желі қолданушылары ерекше ұнаған екен.
Топтың белді мүшелерінің бірі Айдар Байжанов өзінің Инстаграмдағы парақшасына топтың алғаш құрылған кездегі суретін салыпты.
Әнші суреттің астына “1967 жыл. Шымкент…” деп әзіл-қалжыңы аралас жазған екен.
Өз кезегінде әлеуметтік желідегі қауым: “Жап-жас жігіттер, қаншада екен мына жерде?”, “Қызық, қандай болғансыңдар. Шүкір қазір бір-бір отбасының азаматысыңдар”, “Еңбектерің жансын!”, “Жұптарың жазылмасын, ал Еркін Нұржан сол қалпы күлмей жүр” деген пікір білдіріпті.