Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мас жүргізушіні тәртіпке шақырған полиция қызметкері сотталды

 

imagesИнтернетте жарияланған бейнетаспада есіктен кіре берген полицей қызметкерінің тоқ ұрғандай күйге түскені көрінеді. Сөйтсе, мас жүргізуші кіші дәретін шашқан екен.

«Қолына ұстап келе жатқан кіші дәретін полицейге шашып жібергенін көрдім. Алкотестер мен қанның сараптамасын мойындамай қойған соң, кіші дәретін алып келе жатқан болатын. Аузына келгенін айтып, білгенін істеп, бізді де, полицейлерді де адам құрлы көрмеді», – деп әңгімеледі болған жайтты нарколог Сейіт Жақаев.

Бұрын өзі де ішкі істер саласында істеген мас жүргізуші – Қанат Елубаев ертесінде-ақ «полицейлерден жәбір көрдім» деп арыз түсірген. Қозғалған іс сотқа жетіп, судья Төлеген Игімбековтың әрекетін „қызмет бабын асыра пайдалану„ деп тапты. Сөйтіп 5 жыл жаза кескен.

«Төлегеннің түсініктемесін куәгерлердің барлығы растағаны айтылды. Бірақ, аяғында бәрі керісінше болып кетті. Демек, кіші дәретті үсті-басына шашып кеткен адамға қарсы әрекет жасау қылмыс деп табылған», – дейді Т. Игімбековтың адвокаты Төлеубай Мусин.

Елубаевтың өзі „полицейге кіші дәретін шашпадым„ деп отыр. Керісінше, „көлікті тоқтатқаннан бастап, наркологияға келгенше ұрып-соқты, өздерінің қылмысын жасыру үшін сау болсам да, дәрігерлермен ауыз жаласып жала жапты„ дейді. Ал үкімді естігелі Төлегеннің туыстарынан ес кеткен. Тек, айы-күні жақындаған аяғы ауыр жұбайы ғана балалары үшін сабырлық сақтауға тырысады.

Төлеген Игімбековтың апелляциялық арызы облыстық сотта қаралады. Алаңдаған жұрттың үміті де осында. Ал Қанат Елубаевтан тәртіпке бағынбай, полицейлерге күш қолданғаны, бөтеннің мүлкін қиратқаны үшін Қылмыстық Кодекстің жеті бабы бойынша жауап алынып жатыр екен. Ол жүргізуші куәлігінен айырылғанымен, қазір сотқа дейін кепілмен бостандықта жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз