Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Жетісу университетіндегі жемқорлықты „Нұр Отан„ партиясы өз бақылауына алады

Себебі, әлеуметтік желі арқылы жарияланған жазбада ешбір оқытушының нақты аты-жөні және дәлелдер көрсетілмеген. Бірақ, педагогика және психология факультетінің оқытушыларымен оқу орнының басшылығы жиын өткізіп, қортындысында студенттерді арнайы комиссия құрамы қабылдайтын болып шешкен.

Құрамында «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері бар комиссия студенттердің емтиханды өз күштерімен тапсыруға және жемқорлық жайттарға жол бермеуін қатаң қадағалайтын болады.

Сондай-ақ Баян Шаянбаева, студенттер арасында жемқорлық мәселесіне байланысты арнайы сауалнама жүргізілетінін айтты. Студенттердің нақты дәлелдері болса нақты шара қолданамыз дейді.

Айта кету керек, өздерін Жетісу мемлекеттік университетінің педагогика және психология факультетінің студенттеріміз деп таныстырып (жазба анонимді түрде жазылған), әлеуметтік желіде аталған білім шаңырағында жемқорлық дендеп барады деп жариялаған болатын. Олардың сөзіне қарағанда, оқу орнының педагогтары емтиханды өз күштерімен тапсыруға мүмкіндік бермей жатқан көрінеді. Сол себепті мұндай бассыздыққа жол бермес үшін, əлеуметтік желі арқылы жанайқайларын жеткізіп, оқытушыларға ақша сұрағанды тоқтатсын деп талап қойған еді.

Егер дер кезінде тиісті шара қолданылмаса студенттер құзырлы мекемелерге шағымданамыз деп жазған. Жəне оқытушылардың ақша талап еткендігін дəлелдейтін аудио жəне видео жазбаралардың бар екендігін ескерткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз