Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Жетісай тас жолында велосипедшіні қағып, қашып кеткен көліктің жүргізушісі ұсталды

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлердің анықтағаны, «ВАЗ» маркалы автокөліктің белгісіз жүргізушісі 45-47 жас шамасындағы велосипедшіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан.  Жол көлік оқиғасының салдарынан велосипедші ауыр дене жарақаттарымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп,  көп уақыт өтпей қайтыс болған.

Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына қарасты полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1984 жылғы жергілікті тұрғын, яғни «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі құрықталды. Ол сол күні автокөлікті мас күйде тізгіндеген.

Ол велосипедшіні қағып, қорыққанынан оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы, яғни 345-бап – «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» және 347-бап – «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті сотқа дейінгі тергеу абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз