Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жетім балалардың мәліметтер базасындағы адамды кемсітетін сөздерге байланысты қызметтік тексеру жүргізілді

Осыған байланысты министрлік 8 066 тәрбиеленушінің дербес деректерін қайта тексерді.

Қызметкерлердің іс-әрекеттері балалар құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтырғанын ескере отырып, министрлік Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарының әкімдіктеріне аталған олқылықтарға жол берген қызметкерлерге шара қабылдау қажеттігі туралы хат жолдаған.

Алматы және Қостанай облыстары әкімдіктерінің ауызша берген ақпараты бойынша, жауапты тұлғаларға сөгіс берілді.

Алдағы уақытта балалар үйлері тәрбиеленушілерінің дербес мәліметтерін жариялау ісі министрлік жанында құрылған қоғамдық кеңестің жұмысы шеңберінде бақыланады.

Бүгінгі таңда салалық министрлік жетім балаларға арналған ұйымдарда кадрлық саясат бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстың басты бағыты – қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Балалар үйлері біртіндеп отбасыларды қолдау орталықтарына айналады.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер қоры қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді. Осы айдың басында Білім және ғылым министрлігі тұсауын кескен жобада кейбір бүлдіршіндер топастау, еріншек, салақ, аңғал, қорқақ, сараң, ой-өрісі кеміс, бір сөзбен айтқанда, басы істемейтіндер деп сипатталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз