Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жер меншігі қазақтың ата-баба дәстүрінде бар үрдіс – Мұхтар Құл-Мұхаммед

040642880

«Жерді жеке меншікке беру керек пе, жоқ па? Жалпы, Конституцияның 6-бабында «жер жеке меншікке де, мемлекет меншігінде де болуы керек» деп жазылған. Қанша комиссия құрсақ та, қанша қаулы қабылдасақ та онда қабылданған шешім Конституцияға қайшы келетін болса, ондай заңның ешқандай да күші болмайды. Яғни, осыған байланысты жер жеке меншікте де болуы керек», — деді М. Құл-Мұхаммед.

Бұдан бөлек, ол баспасөзде «Қазақстанда еш уақытта жер жеке меншікте болмаған» деген ұшқары пікір жүргеніне назар аударып, соған қатысты ұстанымын блдірді.

«Егер әлемде жердің меншігі бір халықта болған болса, ол қазақ халқында ғана болатын еді. Қазақтың жайлауы да, қыстауы да, керек десеңіз, көшіп-қонғандағы маршруты да белгілі болған. Көшіп-қонуда басқа рудың жеріне түсіп кетсе, руаралық қақтығыстар орын алған. Сондықтан да жерге жеке меншік деген қазақтың ата-баба дәстүрінде бар», — деді М. Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, комиссия мүшесі жерді жеке меншікке берудегі ескерілетін мәселелерге де тоқталып өтті.

Оның айтуынша, жер реформасына қатысты қабылданған заңда кемшіліктер баршылық.

«Мәселен, онда жерді Қазақстан азаматтарына жеке меншікке сатуға болады дейді де, оларға жалға беруге болмайды деп жазылған. Ал бұған дейінгі Кодексте Қазақстан азаматтарына жалға да берілетін, сатуға да болатын. Сонда қалай? Шетелдікке жалға беруге болады, сатуға болмайды, Қазақстанның азаматына сатуға болады, жалға беруге болмайды. Бұл дұрыс емес, қазақстандықтарға жалға да, сатуға да берілуі керек. Өйткені, бір азаматымыздың жерді сатып алуға ақшасы бар да, ал екінші біреулерінде ондай қаражат жоқ», — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз