Жер мәселесіне қатысты арнайы репортаж

82 просмотров

Әлеуметтік желі мен месенджерлерде еліміздің жерін жалға алу бойынша деректер бұрмаланып беріліп жатыр. Соның ішінде шетелдіктерге қатыстысы деп хабарлайды КТК жер мәселесіне қатысты арнайы репортажында.

article4450

Арнайы репортажда Қазақстан заңдарына сәйкес ата-бабамыздан мұра боп қалған жер шетелдіктерге сатылмайтындығы, өзге ел азаматтарына жер телімдері тек уақытша жұмыс істеуі үшін жалға берілетіндігі әрі мұндай заң Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап бар екендігі қадап айтылады.

«1990 жылы басқа мемлекеттердің бизесмендері жерді тек 10 жылға жалға ала алатын. 5 жылдан кейін бұл мерзім 99 жылға дейін ұзартылды. 2001 жылы депутаттар заңды қайта қарастырып, жерді жалға беру мерзімін қысқартты. Ал былтырғы жылы жер жалға шетелдіктерге 25 жылға берілетін болып шешілді» делінеді КТК репортажында.

Міне, заңға сәйкес 99 жылға дейін жалға алу мүмкіндігі болғандығына қарамастан шетелдік бизнесмендер Қазақстанға асықпаған. Тәуелсіздік алған кезден бері өзге ел азаматтарының жалға алған жер көлемі 65 мың гектерды құрайды. Бұл ауылшаруашылығына арналған жердің 1 пайызына жетер-жетпес көлем ғана.

Сондай-ақ көп айтылып жүргендей жерді жалға алушының ірісі Қытай да емес. Қазақстан жерін жалға алып, өңдеушілер ішінде бірінші орында Ресей (10 га) мен Кипр (орташа шамамен 8 мың га) тұр. Одан кейін — АҚШ пен Германия. Бесінші орында — Қытай. Онда да олардың уақытша иелігіндегі жер 282 гектарды құрайды.

 

 

Загрузка...