Жер комиссиясы мораторийдi 5 жылға ұзартуды ұсынды

35 просмотров

ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы Асқар Мырзахметов комиссия Жер кодексінің кейбір баптарына енгізілген мораториді бес жылға — 2022 жылға дейін ұзартуды ұсынды.

Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

«Осы жұмыстарды толығымен атқару үшiн мамандардың есебi бойынша кем дегенде екi жыл уақыт керек. Барлық ұсыныстарды ескере отырып, мораторий жарияланған мәселелер бойынша мынадай ұсыныс айтқымыз келедi — осылардың негiзiнде қабылданған мораторий мерзiмiн 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейiн созу туралы Мемлекет басшысына  ұсыныс жасау. Мораторий мерзiмi созылғаннан кейiн түгендеу жұмыстарын атқарып, тиiстi дерекқорын толығымен қалыптастырып, содан кейiн барып туындаған сұрақтарға нақты жауап беуге мүмкiндiк туады», — деп атап өтті Асқар Мырзахметов.

Өткен айда Мемлекет басшысы Үiмет басшысын қабылдаған кезде, жер мәселесіне халық алаңдап отырғанын ескере отырып, белгiлi бiр шешiмге келу туралы ой-пiкiрiн айтқан болатын.

«Осылардың бәрiн ескере отырып, осы мәселенi бүгiнгi отырысқа шығарып отырмыз. Яғни, мораторий мерзiмiн тағы бес жылға ұзарту ұсынылады», — деп түйіндеді комиссия төрағасы.

Загрузка...