Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жер комиссияның Қызылорда облысындағы көшпелi отырысы басталды

Жер реформасы жөнiндегi комиссия Астанада үш отырысын өткiзгеннен кейiн, өңiрлерге шығып, халықтың пікірін тыңдап, тұрғындармен тілдесуді ұйғарған едi. Барлық пікірлер мен ұсыныстар сарапталып, жан-жақты таразыланғаннан кейін ғана комиссия шешім шығарып, Парламентке енгізеді. Комиссияның екi көшпелi отырысы Көкшетау мен Алматы облысында өттi.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырыстарында Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерiн жекеменшiкке сату және шетелдiктерге жердi 25 жылға жалға беру мәселелерi талқыланып жатыр.

Жер реформасы жөнiндегi комиссия Президенттiң тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Комиссия құрамында төрт жұмыс тобы бар, оларға Ақылбек Күрiшбаев, Мұхтар Тайжан, Дос Көшiм және Мұрат Әбенов жетекшiлiк етедi.

Президент Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормаларына биыл жылдың соңына дейін мораторий жариялады.

Кең көлемді түсіндіру шараларын жүргізіп, бұл жұмысқа бүкіл партиялар мен қоғамдық ұйымдарды тартып, жер мәселесі бойынша өз позициясын білдірген барлық азаматтарды диалогқа шақыруды тапсырған болатын.

Кеше Мемлекет басшысы жер кодексiнiң дау тудырған нормаларының қолданысын тоқтата тұратын заңға қол қойды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз