Жер дауынан кейін Үкімет жайылымдарды реттеуге кірісті

44 просмотров

Өйткені, елімізде 100 миллион гектардан астам жер пайдаланылмай бос жатыр екен.

Бұл туралы КТК хабарлады. 

Ал ауылдардың маңындағы жайылымға арналған 27 миллион гектар әбден тозған. Жылдар бойы мал таптап тастағандықтан, соңғы кезде шөп те  шықпайтын болыпты. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылымды жерлерді пайдаланудың жаңа жоспарын әзірлеп жатыр.

Яғни, төрт түліктің тұяғы тимеген аймақтарға құдық қазып, инфрақұрылымын жасап, шаруаларға бермек. Оны жергілікті әкімдер реттейтін болады.

Ал, мәжілісмендер екі жылдың ішінде жерді пайдаланбай, бос ұстап отырғандардан оны қайтарып алуды талап етті. Сөйтіп, төменгі палата жайылым туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Жексенбай Дүйсебаев, Мәжіліс депутаты:

-Қазіргі уақытта барлық мал басы  26 миллион. Қойыңыз бар, жылқыңыз, сиыр, ешкіңіз, түйеңіз бар. Ата-бабаларымыз 70 миллионнан астам мал баққан.. Неге сол 70 миллионға жетпеске?

Загрузка...