Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жер бетіндегі ең қорқынышты мақұлықтар

1873

Мынау — тым қорқынышты өрмекші. Өйткені ол өте үлкен. Аяқтарының арасындағы ұзындығы 3,8 метрге дейін жетеді, ал мақұлықтың салмағы 20 келі. Бір жақсысы — ол теңіздің түбінде тіршілік етеді, жерде жүрсе — талай адамды шошытар еді.

Ең улы сегізаяқ

ывапывпвмв

Бұл мақұлық өзінің көзге оттай басылатын көк түсімен басқа жыртқыштарды қорқытады. Шынында да, одан қорқу керек. Оның уы барлық мақұлықтарды, тіпті адамды да өлтіреді. Оның уына қарсы ем жоқ.

Саусақты мыстан

варавпрывпы

Бұл тек қана Мадагаскарда кездесетін лемур. Қатты бақырайған көзі мен ұзын қап-қара саусақтары қорқынышты киноларда кездесетін үрейлі образдардан кем емес. Бірақ қорқынышты түрі болмаса, оның адамға басқа еш зияны жоқ екен.

Гуара

ывапыввпы

Қасқыр — ең қорқынышты жыртқыш аңдардың бірі. Бірақ Гуара — біртүрлі қасқыр. Әсіресе аяқтарының ұзындығы адамның санасына әрең сияды.

Гримпотевтис

варврара

Гримпотевтис деген сегізаяқ су түбінде тіршілік етеді. Оны табу үшін 5 мың метрге дейінгі тереңдікке түсу керек. Сол үшін ғалымдар бұл мақұлық жайында көп нәрсе білмейді.

Адам терісін жамылған тышқан

ывпыппвпввыывппи

Мына мақұлықтың терісі тап-тақыр. Онысымен қоймай, аузындағы тістері де қорқынышты көрінеді.

Геренук

fullsiвывывпze

Бұл — фотошоп емес. Бұл — Геренук деген жануар. Ол Африкада тіршілік етеді.

Минога

аваывыапавп

Минога – қан соратын құбыжықтың дәл өзі сияқты.

Жұлдызбас

fullsizаывываe

Мұндай мақұлық өмірде жоқ деп ойламаңыз. Бұл — өмірде бар мақұлық. Ол — соқыр. Тек жер астында тіршілік етеді. Бірақ оның иіс сезу қабілеті керемет күшті болады.

Балық па, бір бәле

fullsizыввывe

Мұны тамшы-балық дейді. Ол аузына сыйғанның бәрін қылғыта беретін құбыжықтың нақ өзі. Бірақ білетіндер бұл балықтың етін керемет жеңсік ас дейді.

Су сайтаны

выпвппвпв

Бұл сайтан мұхиттың түбінде, тым тереңде жүреді. Мұнымен кездесіп қалсаңыз — шошитыныңыз анық!

Дарвиннің балығы

авпыввп

Біреулер мұны шаян дейді. Бірақ ол — балық. Бірақ балық болса да — ол жүзе алмайды екен. Ол су түбінде кәдімгідей төрт аяқтап жүреді.

Акуланың атасы

ываывыввы

Акуланың бұл түрі — ең қорқынышты акула. Бұл мақұлық ежелгі заманнан қалған, 125 миллион жыл бұрын да тіршілік еткен, әлі де жүр. Бірақ қазір олар жер бетінде азайып барады деседі.

Үйрекауыз

апрварав

Бұл мақұлық Тасманияның жағалауында кездеседі. Жұмыртқалайды. Улы деседі. Оның уынан адамның бүкіл денесі дуылдап кетеді.

Балықбас

варваваавы

Оны ай-балық, немесе күн-балық дейді. Бірақ балықбас деген дұрыс сияқты. Салмағы 1 тонналық бұл алып мұхитта зомби сияқты жүзіп жүреді. Жапония, Корей мен Таявань жағалауларында кездеседі. Балықшылар осы балықты ұстап алуды армандайды.

Дереккөз: interesnosti.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз