Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Жемқор әкім 85 миллион 400 мың теңгені мемлекетке кері қайтарады

Бұған дейін қаланың экс-басшысын қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 13 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сот Ахметжановтың апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ. Сондықтан бұған дейінгі шешім өзгеріссіз қалды.

Керісінше, кінәсін толық мойындаған әкімнің бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев пен кәсіпкер Сергей Биктибаевтардың жаза мерзімдері 1 жылға қысқарды. Ал шенеуніктердің тағы бір сыбайласы Гагик Овнанянның апелляциялық шағымы жартылай қанағаттандырылды.

Оның жаза мерзімі 10 жылдан 3 жарым жылға қысқарып, тәркіге салынған дүние-мүлкі түгел кері қайтарылды.

«Әкімдік ісіне» қатысы бар деп жазаға тартылған серіктестік басшысы Леонид Васильевтің талап-арызы қараусыз қалды. Бұған дейін ол 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қылышбай Сәлмұхаметов, Қостанай облыстық сотының апелляциялық алқасының судьясы: 

Соталушы Ахметжановтан мемлекет пайдасына 85 миллион 400 мың теңге көлемінде қаражатты өндіру, «Шарт-Астық», «Стройметсервис-2007», және «Аскос» серіктестіктеріне тиесілі тәркіленген дүние-мүліктерді бұған дейінгі сот үкімінің  тізімнен алып тастау туралы  шешім шығарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз