Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Желтоқсанда Ресей экономикасы “комаға” түсіп, Путин биліктен кетеді – шетелдік сарапшы

Бұл туралы әзірбайжан экономисі Фикрет Мамедов Фейсбуктегі жеке парақшасында жазады.

“2014 жылдың қыркүйегінде 2 жылдың ішінде Путинді біреу өлтіріп кетеді немесе көтеріліс болып, ол биліктен кетеді” деп жазып едім. Ол болжамдағы мерзімге аз қалды. Шыдамсыз кейбіреулер маған чатқа шығып: “Сіз қателескен секілдісіз” деп болжамымды жоққа шығарып, бетіме басып жатыр. Бұл ретте үнсіз қалуды жөн көрмедім.

Жолдастар, мен болжамымды экономикалық көрсеткішке сүйеніп жасадым. Мен Ресей экономикасы шыңырауға батып, халық қиналады. Мұндайда олигархтар мен генералдар, не болмаса орыс халқының өзі-ақ көшбасшысын тықсыра салады деп санадым.

Енді, міне баспасөздегі тақырыптарға қараңыздар:

  • Ресейдің қаржы министрлігі жалақы төлеуге ақша жетпей жатқанын мәлімдеді
  • Зейнетақы жинақтарынан түк қалмайын деп тұр
  • Путин Ресейдің 3 облысының губернаторын қызметінен қуды
  • Ресей федералдық кеден қызметінің басшысы отставкаға жөнелтілді
  • РФ прокуратурасы жанындағы тергеу комитетінің тергеушілері қамауға алынды…

Ресей экономикасы бұдан әрі де құлдырай береді, олигархтар да миллиардтарын жоғалтып, бірінен соң бірі Форбс тізімінен шығып отырады.

Ақыры олар қасқа бастың керегі жоқ деп шешеді. Не болмаса, Ресей ары қарай тағы құлдырай береді.

Бұл қыркүйекте бола ма, әлде одан да жарты жыл кейінірек бола ма, білмеймін.

Бірақ желтоқсанға қарай Ресей экономикасы қатты “комаға” түседі.

Сондықтан Путин қазан айында билікте әлі отыратын болса, онда мен экономикалық тұрғыда емес, “путинтану” саласында қате болжам жасағанымды мойындаймын”, дейді экономист.

13434938_1055318864559158_482678645707708537_n

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз