Жедел жәрдем көлігімен демалысқа шыққан Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта оралды

640 просмотров
Бұдан бұрын жедел жәрдем көлігімен демалған Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалыпты. Қызметтік көлікпен табиғат аясына шыққан ақ халаттыларды сот кінәсіз деп тауып отыр. Дәрігерлер 11 тамыздан бастап қызметтеріне қайта тұрған. 

Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Айта кетелік, аталған ауданындағы бір топ дәрігерлер жедел жәрдем көлігімен табиғат аясына барып, демалған болатын. Сол жерде суретке түскен.

Нәтижесінде мемлекет мүлкін басқа мақсатқа пайдалануға жол берген деген айыппен екі адам жұмыстан қуылды.

Олар аға фельдшер Әбдіжаппар Досмұханбетов пен гараж меңгерушісі Болат Налыбаев болатын. Бүгінгі таңда бұл қызметкерлер соттың шешімімен кінәсіз деп табылып, жұмыстарын қайта жалғастыруда.

norbblogkar2-1

Загрузка...