Жазылбекова эротикалық көрініске түспейді

325 просмотров

Қазақ актрисасы Аружан Жазылбекова «Алтын Орда» кинокартинасындағы эротикалық көріністерге өзі түспейтінін көпшілікке мәлім етті.

– Телехикаяның екі нұсқасы болуы мүмкін деген рас сөз. Бірі телевизиялық аудиторияға арналса, екіншісі интернеттегі аудиторияға арналған, яғни «+18». Соңғы айтылған нұсқасында атыс-шабыс та, эротикалық көріністер де көбірек болуы мүмкін. Мен осыған қатысты интернет аудиторияның наразылығына ұшырадым. Сондықтан түсіндіре кетейін. Иә, эротикалық көріністер фильмде болуы мүмкін. Бірақ оларды дублер орындайды. Біз бұл мәселені кастинг директоры Ликамен бірінші кезекте талқыладық. Мен оларға бұл мүмкін еместігін айттым. Мен эротикалық көріністерге қатыспаймын. Бұл жауапты бәріне айта бергеннен жалықтым. Сондықтан өздері Comode-тан оқып алсын, – деп актриса ренішін жасырмады.

Еске салсақ, бұған дейін Аружан Жазылбекова ресейлік «Бірінші арна» телеарнасының жобасы – «Алтын Орда» фильмінде басты рөлді сомдайтынын және телехикаяда эротикалық көріністер молынан кездесетіні хабарланған болатын.

Загрузка...