Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Жазасын өтеп шыққан жігіт: түрме, колониялар уаххабилер медресесіне айналған

135

Комитет түрмедегілердің теріс ағымға түсетінін өтірік екенін айтқан-тұғын. Комитет төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев түзету мекемелерінде экстремизм, терроризм баптары бойынша сотталғандар болғанымен, олармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеген.

Алайда халықтың көкейінде сауал қалды. Ел тыныштығын бұзушылар жат идеялармен қалай уланып жүр? Теріс әрекеттерге, халықты қан қақсатар терактілер жасауға қайда жүріп дайындалады?

Qamshy.kz редакциясы осы сауалға жауап іздепті және оны тапқан да сияқты.

Қамшыға Алматы облысы Заречный кентіндегі түзету колониясының ЛА-155/14 мекемесінде жазасын өтеп шыққан азамат хабарласыпты. Бекер хабарласпаған. Дәл осы мекемеде теріс бағыттағы діни ағымдарды ашық насихаттайтын, дәстүрлі ислам, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағытына қайшы кітаптар мен діни әдебиеттердің емін-еркін еніп жатқанын, сотталғандардың ол кітаптарды оқуына бөгет жасалмағанын жасырмай айтқан.

Әрине, атын атамауды өтінген. Бастысы, бұлтартпас дәйегі бар. Ол колониядан бірқатар кітаптардың мұқабаларын өзімен бірге жыртып алып шығыпты.

Жазасын өтеп шыққан азамат қазір ЛА-155/14 мекемесіндегі кітапхана Мұхаммед Абдул-Уаххаб бастаған уаххабизм идеясын насихаттаушылардың кітабына толы деп отыр. Өзінде бар кітап беттерінің суреттерін де қоса ұсынған…

13664417_638840096289132_1065694896_n

13866664_638839822955826_463023540_n

Абдулла Абд ар-рахман бин Джибрин – «Два свидетельства, их смысл и того что требует каждое из них»

13866771_638839909622484_1104345636_n

Абдуль Азиз ар-Раййис – «Нарушения единобожия»

13874774_638851809621294_1386983960_n

13874533_638851839621291_977502565_n

Мұхаммед əт-тəмими Абдул Уаххаб «Таухид кітəбі», аударған Ақнұр Бишімов

13672225_638840619622413_892642439_n

М.Х.Аль-Кахтани «Предел желающего

13872615_638840562955752_2034034791_n

Дыйауддин бин Раджаб Шихабуддин – «Уникальное пособие для ищущего знания».

13658968_638891596283982_7857936596999420034_n

13631393_638891619617313_8295520144648859404_n

Мухаммад Абдул Уаххаб – «Усул сəлəсə», қазақшасы үш негіз (три основы), Фонд “ибрагим бин абдулазиз аль ибрагим.

13866688_638840259622449_1239341605_n

Мухаммад бин Джамиль Зину – «Достоинства пророка».

13867149_638840359622439_571855515_n

Уaхaбшыл, жиһадшылардың идеологы Мухаммад Багауиддиннің «Учебник арабского языка» кітабы түпнұсқасымен қоса, ксерокөшірмелері жасалып, 30-40 данадан сотталушылардың қолында жүретінін айтады ол.

Бұлардан бөлек, бұрын сотталған жігіттің айтуынша, түзету мекемесінде А4 форматында ксерокөшірме жасалған бин Таймия, бин Каийм али Джузи, бин Бааз, ибн Усеймин, Насираддин Албани, т.б. авторлардың да кітаптары еркін айналымда көрінеді.

«Колония кітапханасы мен медреседегі діни кітаптардың 80 пайызға жуығы салафилердің баспаханалары мен қорларынан басып шығарылған. Ішінде зайырлы мемлекеттік жүйе – шайтанның жолына теңеліп, жиһадқа шақыратын мәтіндер жетерлік. Ал, мүфтият, Дін істері комитетінің мақұлдауынан өткен, сараптама жасалған кітаптар көрінбейтін жерлерге қойылады, сотталғандар мына экстремистік кітаптарды оқиды», – дейді сотталған азамат.

Оның айтуынша, түрме жамағатына имамдық еткен, медреседе ұстаз болғандар мен кітапхана жауаптылары да экстремизм, терроризм үшін сотталғандар, түрлі теракт жоспарлаған, Ауғанстандағы уаххабилерге қаржылық көмек көрсеткендер мен «Джундул Халифат» ұйымына мүше болғандар екен. Соның салдарынан 900-ден астам сотталғанның үш жүзге жуығы салафиттік жолда көрінеді.

Бір ғана түзеу мекемесінде осындай жағдай орын алып жатса, ел аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 30 мыңнан астам арнайы контингенттің жағдайын елестетудің өзі қорқынышты.

«Мешіттен, мемлекеттік органдардан келіп, уағыз, түсіндіру жүргізген мамандардың дәрісіне бас шұлғып, үнсіз қатысады. ҰҚК қызметкерлерінен қорыққандықтан, ашық қарсылық көрсетпейді», – дейді ол жат ағымдағы сотталғандар туралы.

Колония әкімшілігі сотталғандардың намаз оқуына, ораза ұстауына тыйым салмайтын көрінеді.

«Түрме, колония дегендер бүгін уаххабилердің медресесіне айналды. Ол жерде ештеңеге алаңдамай 24 саған Құран, хадис жаттауға, сонымен қатар, салафилік сенімді санаға әбден сіңіруге мүмкіндік бар. 2013-2015 жылдар аралығында онда сотталғандар жамағатпен жұма намазын оқығанын көзім көрді. Шамамен, 300 шақты адам жиналатын. Онда жалпы бос уақыт көп, сотталғандар аптасына 2 сағат қана жұмысқа тартылады. Қалған уақытта өз білгендерін істейді. Секцияларда намаз оқылады. Ана

«воровской» түсініктегі сотталғандардың да көбі уаххаби боп кеткен»,

– дейді бұрын сотты болған азамат. Ол былтыр күзде  колониядағы медресенің жабылғанын айтты. Алайда, «медреседегі кітаптар колонияның кітапханасына көшірілген», – дейді.

Дінтанушы не дейді?

86e857911c86a40c26168f5f27845094(1)

Досай Кенжетай

Бұған қатысты дінтанушы Досай Кенжетай өз пікірін білдіріпті. Оның айтуынша, теріс ағымдағы әдебиеттердің ел аумағында таралуына заңмен тыйым салынбаған, сондықтан да, қайда болсын, кімнің болсын оларды оқуға мүмкіндік бар.

«Негізі ол кітаптарға тыйым салынбаған. Неге деп сұрасақ, тиісті орындар ол үшін салафизм ағымына тыйым салынуы керектігін, сол кезде кітаптарына да шектеу қойылатынын айтады. Мен эксперт ретінде бұл кітаптардың республика аумағында тарауы қауіпті екені туралы қорытынды жасап бергенмін кезінде. Айналып келгенде, негізгі кемшілік құқықтық тұрғыдан тыйым салынбауда болып отыр», – дейді дінтанушы.

Ал бұған еліміздегі түзету мекемелерін басқарушы ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті не деп жауап берер екен? Комитет төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев түзеу мекемелерінде экстремизм, терроризм баптары бойынша сотталғандар болғанымен, олармен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты емес пе? Бұл қалай болғаны?..

Мақаланың дереккөзі:qamshy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз