Маңғыстау облысында 18-ге толмаған жеткіншекке темекі сатқан сатушы сотқа тартылды.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
“Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 133-бабының 1-бөлігімен (он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы) Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды” деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот Е-ні жоғарыда көрсетілген бап негізінде кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 42 420 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасын қолданған.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.