„Жас қанат — 2016„ республикалық байқауының бас жүлдесін семейлік әнші иеленді

73 просмотров

Мерейтойлық «Жас қанат – 2016» жас әншілердің XXV республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Тартысты өткен байқаудың ең үздігі болып семейлік әнші Парасат Отан танылды деп хабарлайды BNews.kz.

Финалистер екі әннен орындады. Бірінші кезеңнен ең аз ұпай алған қатысушылар  қонақ ретінде өнер көрсетті. Сондай-ақ мерейтойлық гала-концертте еліміздің танымал әншілері Мадина Сәдуақасова, Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, «Меломен» тобы, Нұрлан Абдуллин, Нұржамал Үсенбаева, Ерлан Көкеев, Бақыт Шадаева, Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

«Жас қанат – 2016» жас әншілердің XXV республикалық байқауының дипломанттары:

Нұржан Оразов, Ақтөбе
Жалғас Сұлтанов, Астана
Айзада Әлімбекова, Шымкент

„Жас қанат – 2016„ жас әншілердің XXV республикалық байқауының жеңімпаздары:

I орын,бірінші дәрежелі лауреат, «Алтын қанат» иесі – Парасат Отан, Семей
II орын – „Үш жүз„ тобы, Қарағанды
III орын – Айбек Дәулетқалиев, Орал.

Загрузка...