Жарнамаға түсу кезінде шведтің атақты шаңғышысы мерт болды

85 просмотров

«Steep» ойыны бейне ролигінің түсірілімі жүріп жатқанда оқыстан қайғылы оқиға орын алды. Швед елінің кәсіби шаңғышысы Матильда Рапапорт көз жұмды.

Бұл қайғылы оқиға өткен аптада Чилиде Фарельонес ауылына жақын жерде жарнама түсірілімі кезінде орын алды, деп жазды GameSpot ресурсына сілтеме жасап, geekcity.ru.

30 жастағы спортшыны тауда болған қар көшкіні басып қалған. Оны бірден ауруханаға жөнелткен. Алайда ақ халаттылар оның өмірін аман алып қала алмады. Ол бас сүйек пен миына келген қатты зақымнан көз жұмды.

Матильданың қаржылай демеуші компаниялардың ресми өкілдері болған қайғылы жайтқа қатысты өкініш білдіріп, көңіл айтты.

Атап өту керек, фрирайд таудағы шаңғы спортының жұлдызы бұрын да осындай келеңсіз жағдайға тап болған. Алайда аман қалған.

Загрузка...