«Жаралы сезім» фильміндегі Қанат пен Арай қосылды ма?

5 146 просмотров

2007 жылы жарыққа шығып, отандық көрермендердің жүрегін жаулаған «Жаралы сезім» фильмінің кейіпкерлері қазір қайда жүр?

Бұл сұрақтың жауабы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды деп жазады nur.kz.

Фильмде көптеген қиындыққа қарамастан, мәңгілік бірге болуды көздеген Қанат пен Арайдың махаббаты көрсетіледі. Бүгінде көптеген көрермен фильмнің бас кейіпкерлері қосылды ма деген сұрақ мазалайды.

Қанаттың рөлін сомдаған Берік Арықбаев пен Арай рөліндегі Регина Шамғонова Алматы қаласында тұрады. Алайда, кинодағы ғашықтар өмірде жай достар ғана.

Берік отандық телеарналардың бірінде режиссер болып жұмыс істесе, Регина кино әлемінен мүлде алыстап кетіпті. Бүгінде Регинаның шекесі торсықтай ұлы бар екен.

88

Загрузка...