Жапония билігі ел тұрғындарына қауіпсіз жерлерге кетуге кеңес беруде

91 просмотров

Жапонияның оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жауынға байланысты жергілікті билік Кумамото, Ямагути, Нагасаки және Фукуока префектураларында тұратын 66,5 мың тұрғынға көшуге кеңес берді.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Цусима аралындағы Нагасаки префектурасына екі тәулік ішінде 300 миллиметр жауын-шашын түсті. Синоптиктердің айтуынша, мұндай нөсер жауын мұнда 50 жылда бір рет қана қайталанатын көрінеді.

Сәуір айында 6 және 7 балдық жер сілкінісінен кейін топырақ қабаты босаңсып қалған Кумамото префектурасында көшкін болуы ықтимал деген қауіппен 55 мың тұрғын көшірілмекші.

Ал Хонсю аралының оңтүстік-батысында орналасқан Ямагути префектурасында өзендер кемеріне келіп, салдарынан 10,5 мың тұрғынға шұғыл түрде көшуге ұсыныс жасалды. Кюсю аралындағы Фукуока префектурасында да мыңдаған адам қауіптің аузында отыр.

Ауа райын болжаушылар алдағы тәуліктерде Кюсю араларына 250 миллиметрге дейін жауын-шашын жаууы мүмкін екенін айтып, Кумамото, Оита, Фукуока, Ямагути префектураларында су тасып, лай көшкіні жүруі мүмкін деп дабыл қақты.

Загрузка...