Белгілі қазақстандық әнші әрі актриса Жанар Дұғалова режиссер Асқар Бисембиннің жаңа кинокартинасында басты рөлді сомдайтын болды.
Осы ретте Жанар актриса ретінде тұңғыш рет басты рөлді сомдайтынын айта кетуіміз керек. Бір қызығы комедиядағы басты рөлді сомдайтын актерлер біреу емес, екеу емес, он екі.
Комедия желісі бір-бірімен байланысты бес оқиға арқылы өрбитіні белгілі болды. Комедия NauryZ.kz деп аталады. «Свадьба на троих», «Адель», «Замуж в 30», «Папины дочки» деп аталатын кино туындыларды жасаған Асқар Бисембин Жанарды актерлік шеберлігінің мықты болуы себепті таңдап отырғанын жасырмады.