Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Жамбыл облысында жұмыссыздық үш есеге азайды – шенеунік

Баубековтің сөзіне қарағанда, 1991 жылы тұрғындарды еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры құрылды. Оған ұйымдар (бюджеттіктен басқасы) еңбекақы қорының  3% көлемінде міндетті төлемдер жасауы тиіс еді.

«Алайда, Кеңес Одағы ыдыраған соң, қиындықтарға байланысты, көптеген ұйымдар уақытында ақша аудармай, жұмыссыздарға жәрдемақылар төленбеген. Борыш көбейіп, жұмыссыздық артты. Қазақстандағы еңбек нарығы мен еңбекпен қамту саласын реттеу үшін 1991 жылдан тұрғындарды еңбекпен қамтудың арнайы бағдарламалары жүзеге асырылды, алайда олар нәтижесіз болды», – деді спикер.

Жиналып қалған мәселелерді шешу үшін 1999 жылы 4 сәуірде «Тұрғындарды еңбекпен қамту» Заңына өзгерістер енгізілді, кедейлердің қатарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсетілді, – деді ол.

«2000 жылы «2000-2020 жылдарға арналған Жамбыл облысындағы кедейлік және жұмыссыздық бағдарламасы» қабылданды. 1999 жылы жұмыссыздық деңгейі 14,6%-дан 12,3%-ға дейін төмендеді. 2000-2010 жылдары жұмыссыздықты азайту бойынша төрт бағдарлама кезең-кезеңмен жүзеге асырылды, 70 мың жаңа жұмыс орны ашылды, жыл сайын 15 мыңнан астам адам маусымдық жұмысқа тартылды», – деп атап өтті спикер.

20161006081538

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз