Байзақ ауданы Қостөбе ауылында тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін аз уақытта Талас өзенінде бөгет тұрғызылады.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды деп хабарлады ҚазАқпарат.
Журналистердің сауалдарына Байзақ ауданының әкімі Мұратхан Шөкеев және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары Комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Жұмабек Мұхатов жауап берді.
«Төтенше жағдай салдарын жою үшін азаматтық қорғаныс бойынша аудандық бөлімнің 10 қызметкері, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар қызметінің 10 қызметкері, Қостөбе ауылының 25 тұрғыны тартылды. Сонымен қатар 12 техника жұмылдырылды», – деді Жұмабек Мұхатов.
«Талас» теміржол стансасынан Тараз стансасына дейінгі тас жолда жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылды. Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар қызметі тәулік бойы оқиға орнын бақылауда, деп атап өтті Байзақ ауданының әкімі.
Жамбыл облыстық әкімдігі Қырғызстан Республикасының Талас облысының әкімшілігімен бірлесе Киров су қоймасынан су жіберуді азайту мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылып жатыр.