Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жамбыл облысында баласын көліктен лақтырып жіберген әйел „жынды„ деп танылды

Күні кеше өткен сотта жиен немересін машинадан лақтырып жіберген әйелдің „жүйке жүйесінде ауытқуы бар„ деп танылып, енді ол психикалық диспансерде мәжбүрлеп емдетілетін болды.

Судья Ғалымжан Нұрлықұловтың мәлімдеуінше, ол әйел қылмысты жасаған кезде есі дұрыс болмаған. Сондықтан оның кінәсі болса да ҚР Қылмыстық Кодексінің 16-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Яғни, сотпен „жынды„ деп танылған Бақытгүл Байсенгиреева енді тергеу абақтысынан жындыханаға алмастырылатын болды.

Дүние есігін аша салысымен, о дүниелік болған шақалақтың 16 жастағы анасы жігіт жақпен ымыра мәмілеге келген. Соған байланысты қылмыстық іс жабылған.

Ал көлік жүргізушісінің кінәсі толық дәлелденбегендіктен іс сотқа жеткізілмей тоқтатылған.

Жаға ұстатарлық бұл оқиға қаңтар айының басында Талас ауданының Үшарал ауылы маңында болғанын айта кетейік. 58 жастағы әйел көршісінің көлігін жалдап, ауруханаға бара жатқанда жүкті қызы босанып қалған. Анасы көлікті тоқтатпастан, шақалақты туа салысымен, терезеден лақтырып жіберген. Тас жолға басымен түскен нәресте сол жерде шетінеп кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз