Жамбыл облысында тағы екі бала суға кетті

60 просмотров

Жыл басынан бастап облыстың су қоймаларында 12 адам суға кетті, олардың төртеуі кәмелет жасына толмаған балалар.

utonul_copy

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, Тараз шетіндегі жеке секторда 29-мамыр күні 2 жастағы бала үй маңында ойнап жүріп, абайсызда арыққа құлап, батып кеткен. Сол күні Байзақ ауданында Талас өзеніне 4 жасар бала да суға ағып кеткен.

Еске салсақ, өткен аптада ТЖД жедел құтқару қызметі өзенде батып кеткен екі адамды іздеген. Байзақ ауданы Талас өзенінде 28 жастағы азамат жоғалып кетті. Ал, Шу ауданы Шу өзенінде 33 жастағы ауыл азаматы атпен көпірден өтіп бара жатып, өзенге құлап кеткен.

Іздеуге ТЖД-дан 20 адам, 3 бірлік техника тартылды.

 

 

Загрузка...