Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жамбыл облысында арнасынан тасыған өзен елді-мекендерге қауіп төндіруде

Әкімдерін көруге зар болған ел қызыл судың кесапатынан қорқады. Жаздағы тасқыннан кейін жергілікті билік Таластың жиегін таудан етекке дейін топырақ төсеп, мықтап бекіткендей болған. Алайда ашынған бұқара жауаптылар апаттың алдын алу жұмысына жүрдім-бардым қараған деп есептейді. Өйткені асау өзеннің деңгейі сәл көтерілгеннің өзінде төселген тастар шайылып кеткен.

Жақсыгүл Қуанышбаева, Сарыкемер ауылының тұрғыны:

-Түнімен-күнімен, жаз бойы үлкен-кішіміз жаз бойы қарауылдап шығамыз. Көктемде жазда су тасыды өздеріңіз білесіздер ал жазда қырғыздар мол жіберіп жатыр суды.

Қазір төтеншеліктер су орған жерді қалпына келтіруде. Ал атқамінерлер «жағдай бақылауда, дүрлігуге негіз жоқ» деп жайбарақат отыр. «Киров» қоймасындағы суды қалыпты мөлшерде сақтау үшін Талас арқылы бұрынғыдан секундына 20 текше метр су артық жіберілгенін өзен-көлге жауапты мекеме басшысы да растады. Әрі бұл жайында атқарушы билікке алдын ала ескертіліпті.

Жұмабек Мұқатаев, Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы:

-Біз тағы екі- үш күнге, бір аптаға қырғыздармен келісіп, жағаны жөндеп алуға мүмкіншілік жасауға болады. Өткенде 10-15 күн қырғыздардан рұқсат алып суды уақытша тоқтатқанбыз. Сол кезде дұрыстап жүргізу керек еді. Сол себептен болуы керек шайып жатқаны.

Ел-жұрттың өре-түрегелуіне негіз жоқ емес. Биыл ала жаздай жауын-шашынның көп болуынан «Киров» су қоймасы ернеуінен асып кете жаздаған. Сөйтіп, Талас арқылы сыйымдылығынан екі есе көп су тасталған еді. Саладарынан өзен тасып, жүздеген үйді су басқан. Енді тұрғындар сол оқиғаның қайталануынан қорқады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз