Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Жалаңаш» тойларды қашан қоямыз?

720

Стриптиз-на-казахской-свадьбеӘйтпесе, сол жалаңаш бойжеткен билеген тойда отырған дүйім жұрттың ішінен осындай азғындықты тоқтатын бір адам табылмағанын қалай түсінеміз? Той басталғанда Беташар айтылып, жаңа түскен келіннің бетін керемет салтанатпен ашып, жас келінді жаңа жұртымен таныстыратынын ескерсек, пәк келіннің алдында жалаңаш бойжеткенді билеткізген сол шаңырақ отағасының бұл қылығын қалай түсінуге болады?

Әйелдің жалаңаш тәні – тек оның жары көретін тылсым дүние емес пе?!

 

Жалпы, біз қазақ, қызық халықпыз. Әр нәрседе артық айтып, асыра сілтемесек, жүре алмаймыз. Осыдан 4-5 жыл бұрын бір туысымыздың қыз ұзату тойында болдым. Бәрі тамаша, той өте жақсы өтті, бірақ сәнді өткен салтанаттың соңында күйеу жігіт қалыңдығын әкететін кезде керемет бір қимастық сезім шыңырау шегіне жететін сәтті той басқарып жүрген асаба жеңгеміз керемет бір трагедияға айналдырып жіберді ғой. Бейне бір, қалыңдықты өзі қалаған сүйген жарының емес, қас жауының қолына бергендей әсерде болдық. Ал одан кейін жастарға бата берген қария зарлағанда,

қан майданға аттанып бара жатқан батыр қыздарымыз, апаларымыз Әлия мен Мәншүкке де ондай бата бермеген шығар деген ойға қалдым.

Осындай жан ауыртар жәйттер жанымызда күнделікті орын алып жатады. Осыдан біраз бұрын тағы сол ғаламторда тағы бір қазақ тойында шалбарын шешіп, дамбалмен билеп жүрген ел ағасы болатын жастағы азаматтарды көрсеткен бейнежазба шыққан еді. Ал рухани жұтаңдықтың, азғындықтың шыңырау шегі болып табылатын әлгі бейнежазба қоғамды, ұл-қыз тәрбиелеп отырған дұрыс ата-ананы бей-жай қалдырмауы керек.

Мұндай жәйттер тағы да орын алмасын десек, бүкіл қоғам, оның ішінде, қызын қадірлейтін қазақ қоғамы осындай ерсілікке, рухани азғындыққа, жұтаңдыққа тойтарыс беру керек.

22вывыв22

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз