Жалған кәсіпкерлер Қазақстан бюджетін талан-таражға салған — Есеп комитеті

53 просмотров

2015 жылы жалған кәсіпкерлер қатысқан қаржы махинацияларының кесірінен республикалық бюджет жарты триллионға «жүдеген». Есеп комитетінің қызметкерлері осындай тұжырым жасапты.

Не деген бітпейтін ұрлық?

Жақында ҚР Есеп комитеті парламент мәжілісінің депутаттарын «2015 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы» есеппен таныстырды.

a9373780422b045d42f6cbf907ec9929-small-e1463997645295
Жансейіт Сәрсенқұлов

Есеп комитетінің мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов республикалық бюджет өлшемдерінің (2015 жылдың екінші жартысындағы теңге бағамының күрт ауытқуларына байланысты) бірнеше рет дәлденгеніне және түзетілгеніне қарамастан, қазынаның игерілмей қалған қаржысы 7,8 млрд теңгені, ал тиімсіз пайдаланғаны – 459,2 млрд теңгені құрағанын баяндады.

Бюджеттің елеулі шығындары салық төлеуден жалтару схемаларын пайдалану, оның ішінде, жалған кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу кезінде құралған

Мемлекеттік органдар мен ведомстволарда 474,6 млрд теңгенің (!) қаржы тәртібін бұзушылығы анықталған, оның 142,3 млрд теңгесі 2015 жылғы республикалық бюджеттің қаржысы.

— Салықтық әкімшілік етудің жеткіліксіздігі салдарынан салық түсімдерінің қолда бар әлеуеті толыққанды пайдаланылмай отыр.Бюджеттің елеулі шығындары салық төлеуден жалтару схемаларын пайдалану, оның ішінде, жалған кісіпкерлермен өзара есеп айырысу кезінде құралған, — деді Жансейіт Сәрсенқұлов.

Бұдан бөлек, Есеп комитетінің мәліметтері бойынша, жекелеген салық төлеушілердің Қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден жалтаруының схемасы да анықталған. Бюджеттің болжамалы шығыны 7 млрд теңгені құрапты.

— Сонымен қатар, 2015 жылы Есеп комитеті 4,9 трлн теңге көлеміндегі бюджет қаржысы мен мемлекеттік активтерді қамтыған 27 бақылау шараларын жүзеге асырған.

1,6 трлн теңге сомасындағы қаржы ережелерін бұзу анықталған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 2,6 есе артқан,

— деді сөзін жалғастырған Сәрсенқұлов мырза. — Қалпына келтіруге жататын 185,7 млрд теңгенің 135,4 млрд теңгесі немесі 70 пайызы мерзімі келгеннен кейін өндіріліп алынды, процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 40 материал жіберілген. Есептік мерзімде әкімшілік жауапкершілікке 75 заңды және 66 лауазымды тұлға тартылған, 271 лауазымдық тұлғаға тәртіптік тұрғыдан жазаланыпты.

Адал кәсіпкерлер не істемек?

Көп ретте, адал кәсіпкерлер өздерінің жеткізушілері немесе тұтынушыларының күмәнді тұлға болуына тап болып жатады. Мұндай келеңсіздіктер дұрыс компанияларға орасан зор зиян келтіреді, кейде олардың ойсырауына әкеліп соғады. Сіз сенбессіз, бірақ

бүгін Қазақстанда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің желісі бойынша жалған кәсіпкер деп танылған 1486 салық төлеуші тіркелген!

Сондықтан адал еңбек етіп, мемлекетке тиісті салықтарын дер кезінде өтеп жүрген парасатты кәсіпкерлерге айтарымыз – алаяқтардан сақтанып жүріңіздер — „Сақтансаң, сақтаймын„, деген халқы қағидасы әрқашан жадыңызда болсын!

Загрузка...