Жалған айып тағылған Қазақстан азаматы Ресей түрмесінде 10 жыл отырған

74 просмотров

Ресейлік полицейлер Қазақстан азаматының көлігіне 9 келі гашиш затын салып жіберген. Артынша оған есірткі тасымалдады деген айып тағылып, отандасымыз 13 жылға сотталыпты. 13 жылдың 10 жылын ол түрмеде отырған.

Бұл туралы sn.kz хабарлайды.

Қазақстан азаматына жалған айып тағып, оны түрмеге тыққан 5 полицейдің қатарында жоғары шенділері де бар. Бұл жайында РФ Бас прокуратурасының ресми сайтында хабарланған.

Қазан қалалық полициясының басшысы Руслан Халимдаров, Татарстан бойынша ІІМ-нің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері Рашид Шайдуллин, Валерий Ковылин және Анатолий Ходько, РФ ІІМ орталық аппаратының бұрынғы қызметкері Владимир Егоров сот алдында жауап береді. Олар біреуге жалған айып таққаны үшін ғана емес, есірткі тасымалдағаны үшін де жауапқа тартылмақ.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы күдіктілер Қостанай қаласына келіп, шұғыл іздеу шараларын жүргізудеміз деген желеумен 9 келі есірткі сатып алған. Олар Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық есірткі транзитін анықтаймыз деп өтірік айтыпты. Кейін Сымбат Оғанов есімді Қазақстан азаматын көліктеріне күштеп мінгізіп, Набережные Челны қаласына алып келген. Сол жерде қолдан іс ұйымдастырып, біздің елдің азаматын түрмеден бір-ақ шығарыпты.

Істі 2015 жылы қайта тексерген прокуратура соттың үкімін қате деп тауып, Оғановты түрмеден босатқан.

Загрузка...