Жаңаөзендік мұнайшылар бірнеше күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып жатыр. Олар жалақыларын көтерумен қоса, бұған дейін «ереуілге үгіттеді» деп айыпталған жолдастарын босатуды талап етуде.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Бұған дейін де мұнайшылар ескерту ретінде бірнеше сағатқа жұмысқа бармай қойған еді. Бірақ онысынан түк шықпағандықтан, бұл жолы жұмысты мүлде доғарған. Ал жергілікті билік бұрғылаумен қоса, ұңғыларды жөндеумен де айналысатын жеке компания басшылығы мен жұмысшылары арасындағы еңбек дауына әзірге араласпай, іштен тынып отыр.