Олар кәсіподақ ұйымының басшысының қызметтен кетуін талап етіп отыр. Сондықтан 4 күннен бері екі сағаттан өндірісті әдейі тоқтатқан.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. Мұнайшылардың айтуынша, құқықтарын қорғауға міндетті кәсіподақ ұйымының басшысы керсінше жұмысшыларды қудалап отырған көрінеді. Онымен қоймай ай сайын түсетін жарнаның да есебін ешкімге көрсетпейді екен.
Мұнайшылар компаниядағы кәсіподақ ұйымы жетекшісін ауысырып қана қоймай,жұмысшыларды қуадалауды тоқтатуды сұрап отыр. Мұны естіген «Бұрғылаудың» басшысы Асхат Сариев алғашқыда сотқа берем деп қорқытқанымен, артынан сабасына түсті.
Мұнайшылар төрт күн бойына шағымдарын жеткізу үшін аймақтағы барлық құзырлы органдарға хабарласқан. Тіпті, Жаңаөзен әкімдігіне бірнеше мәрте бас сұғыпыты. Бірақ ондағылар дауға араласа алмаймыз деп отыр.