Жаңа оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары сенбі күні демалатын болады.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Бұл туралы бүгін облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында басқарма басшысы Бақыт Бексейітова мәлім етті.
– Биыл бірінші сыныптың табалдырығын аттайтын оқушылар алғашқы болып бес күндік оқу үрдісіне көшеді. Осылайша, олар оқудан кейін ұзағырақ демалуға мүмкіндік алады.